АРЫҢДЫ САҚТА ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ, ҰРПАҒЫҢДЫ ӨЛТІРМЕ!
Ей, адам өлтіруші!!! Не істедің сен??? Әлі жарық дүниені көрмеген, Алла Тағала жан беріп қойған, қол-аяқ, көз-құлақ берілген тірі нәрестені өлтіргенің не? Алдандың ба, кім азғырды сені??? Неге шайтанды шаттандырдың? Ол нәресте сені сағынып, дүние есігін ашқалы жатыр еді ғой? Неге некесіз өзгемен ойнастық жасадың? Сол уақытта бір сәтке кідіріп, сәл болсын ойландың ба? Онда неге сенің ақымақтығың мен күнәң үшін балаң жазықты болуы керек? Сенің ақылсыздығың үшін оның не кінәсі бар? Неге өлтірдің оны? Мүмкін ол өскенде сен сияқты ақымақ болмас па еді...? Сені анаң қалай өсірді...Ал сен ше?...