Алматыда тұңғыш рет ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің сертификатын алған ХАЛАЛ өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке қараша айының 11-12 күндері яғни алдымыздағы жұма жəне сенбі күндері Алматы орталық мешітінің ауласында ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеге ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің сертификатын алған 30-дан астам компания өкілдері өз өнімдерін қояды. Атап айтқанда, ет, шұжық, кондитерлік өнімдер, сусындар және азық-түлік өнімдері. Сонымен бірге биологиялық белсенді қоспаларды (БАД) өндіретін компаниялар да аталмыш жәрмеңкеге қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш бөлім 2014 жылы қазан айында құрылып, осы күнге дейін 70-ке жуық кәсіпорынға халал сертификатын берді.
ҚМДБ Халал өнімдерін стандартту бөлімі